"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-ның мұнай өңдеудің жаңа технологиялық желісіндегі жөндеу жұмыстары бітуге жақын. Бүгінде жоба 95 пайызға орындалды. Сондай изомеризацияны іске қосу үшін қажет шаруашылық объектілерінің құрылысы 84 пайызға орындалды", - деп жазылған хабарламада. Изомеризация құрылғыларын пайдалануға беру 2017 жылдың маусымына жоспарланған. Ол Кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес К4 және К5 классындағы экологиялық жанармай шығаруға арналған.
"ҚазМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары Данияр Сатыбалдиннің сөзінше, үш қазақстандық мұнай өңдеу зауыты жаңаландырудан өткеннен кейін 2017 жылдың соңында елдегі жанармай өндірісі 2 млн тоннаға дейін артады. 2018 жылы Қазақстан толығымен ішкі нарықты отандық бензинмен қамтамасыз етуі керек.