Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкенттегі жарылыс салдарынан үшінші адам қайтыс болды - Денсаулық министрлігі

Шымкенттегі жарылыс салдарынан үшінші адам қайтыс болды   - Денсаулық министрлігі

Шымкент. 21 мамыр. 7kun.kz - Шымкенттегі жарылыс салдарынан тағы бір адам қайтыс болды. Көз жұмған үшінші адам 1980 жылы туған Ш.есімді жұмысшы, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

"Психологтар тобының жұмысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Түркістан облысында жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді жатқызатын бағытты ұйымдастыру және өзгерту бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде. Медицина қызметкерлерінен жасақталған бригадалар ауылдық жерде перинаталдық көмек көрсету үшін
аудандық ауруханаларға жіберілуде, өйткені №1 ОПК 3-деңгейдегі функцияларды атқарып, облыстың 7 ауданынан келетін жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді емдеуге жатқызуды жүзеге асырып келген. Зардап шеккендерге кеңес беруді А.Сызғанов атындағы ҰҒХО дәрігерлері жүргізуде», - деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Похожие материалы