Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz – Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистің бұрынғы әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтахановты қызметінен босатты.
Мұрат Айтенов 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Жетісай ауылында дүниеге келген. 2004 жылы армия генералы С. М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын бітірді.
2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің аға инженер-кезекші ауысым бастығы, Нұр-Сұлтан қаласы.
2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы ПІБ "Астана-Өнім" АҚ шаруа ауласының меңгерушісі.
2008 жылдан 2010 жылға дейін - ҚР Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару бөлімінің өндірістік қызметін үйлестіру секторының сарапшысы.
2010-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2012 жылдан 2013 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.
2013 жылдан бастап 2017 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы.
2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары.