
Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz – Қытай басшысы Си Цзиньпин 14 қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биыл 14 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланып отыр. Сапар аясында мемлекет басшылары арасында екіжақты келіссөздер жоспарлануда», – деді ол.
Келіссөздер аясында ынтымақтастықтың түрлі салаларында екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
Айта кетейік, бұл сапар Қытай басшысы Си Цзиньпиннің коронавирус пандемиясы басталғаннан бері алғашқы шетелдік сапары болады.