Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Си Цзиньпин Тоқаевпен нені талқылайтынын айтты

Си Цзиньпин Тоқаевпен нені талқылайтынын айтты

Нұр-Сұлтан. 13 қыркүйек. 7kun.kz –Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанмен достық және Нұр-Сұлтанға алдағы сапары туралы «Казахстанская правда» басылымына мақаласы жарияланды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қытай төрағасы алдағы сапарында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Қытай мен Қазақстан арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі ілгерілету жолын талқылауға дайын екенін атап өтті. Жаңа дәуір, екіжақты қатынастарды дамытудың жаңа парадигмасын қалыптастыру үшін екіжақты көп қырлы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту және оңтайландыру тілге тиек етіледі.

«Біріншіден, тату көршілік пен достық жолын тұрақты ұстану маңызды. Саяси өзара сенімнің жоғары деңгейі екіжақты қатынастардың тұрақты және қарқынды дамуының кепілі болып табылады. Осыған байланысты біз қазақстандық достармен екіжақты қарым-қатынастарды стратегиялық биіктікте және жоғары деңгейде тығыз байланыстарды сақтауға, үкіметтер, заң шығарушы органдар арасындағы алмасулар мен ынтымақтастықты жандандыруға негізделген ұзақ мерзімді перспективалар тұрғысынан жүйелі түрде жоспарлауға дайынбыз. Партиялар мен аймақтар, үкімет басшыларының тұрақты кездесулері, ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комитет және оның қосалқы комитеттері сияқты әлеуетті тетіктердің құлпын ашу жоспарда бар», – деп жазды Си Цзиньпин.

Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының саяси негізін нығайту мақсатында ҚХР Төрағасы тараптардың екі елдің түбегейлі мүдделері мен негізгі алаңдаушылығына қатысты мәселелер бойынша бір-біріне күшті қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

«Екіншіден, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру маңызды. Келесі жылы Қазақстанда мен ұсынған «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп салу бастамасына тура 10 жыл толады. Осы уақыт аралығында «Бір белдеу, бір жол» бастамасы теориялық дамудан практикалық іске көшті. Ол өзін халықаралық ынтымақтастықтың инклюзивті және ашық алаңы, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың әмбебап қолдауына ие халықаралық қоғамдық игілігі ретінде көрсетті», – деді ҚХР төрағасы.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытай COVID-тен кейінгі кезеңде инвестициялық және сауда процедураларын жеңілдету, бақылау-өткізу пункттері мен транзиттік тасымалдау өткізу қабілетін ашу, жаңа өсу нүктелерін дамыту үшін «Бір белдеу – бір жол» бірлескен құрылысын одан әрі жалғастыруы керек. Жасанды интеллект, үлкен деректер, цифрлық қаржы, электрондық коммерция, жасыл энергия сияқты салаларда біріге жұмыс істеу мағызды.

«Үшіншіден, ортақ қауіпсіздігімізді берік қорғау маңызды. Күрделі халықаралық және аймақтық жағдайында ынтымақтастықты қамтамасыз ету және тереңдету дағдарысты еңсеру және қауіпсіздік мәселелерін шешу құралы болды және болып қала береді», – деді ол.

Ол Қытайдың құқық қорғау органдары, арнайы қызметтер және қорғаныс ведомстволары арқылы Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін атап өтті.

«Төртіншіден, халықаралық аренадағы ынтымақтастықты жан-жақты нығайту маңызды. Біздің елдеріміз БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, Қытай-Орталық Азия сияқты көпжақты форматтар аясында тығыз ынтымақтастыққа бейімделуі, халықаралық басқару, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша жедел пікір алмасу, өндіріс пен жеткізу тізбегін тұрақтандыру, сондай-ақ аймақтық ыстық нүктелерді шешу, біржақты әрекетке және блоктық ойлауға қарсы тұру, әлемдік тәртіп пен халықаралық жүйенің неғұрлым әділ және ұтымды бағытта дамуына ықпал ету», – деді ҚХР төрағасы.

Айта кетейік, Си Цзиньпин Нұр-Сұлтанға 14 қыркүйекте келеді. Қазақстан мен Қытай басшылары жан-жақты қазақстандық-қытайлық стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларын талқылайды. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Похожие материалы