Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Singapore Airlines әлемдік әуе компанияларының рейтингінде көш бастады

Singapore Airlines әлемдік әуе компанияларының рейтингінде көш бастады

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz – Skytrax британдық маркетингтік компаниясының сауалнама нәтижелері бойынша, Singapore Airlines 2018 жылғы World Airline Awards әуе компаниялардың әлемдік рейтингінде көш бастады. 

2017 жылы сингапурлық компания екінші орынды иеленген болатын. Осылайша, Singapore Airlines  өткен жылғы көшбасшы Qatar Airways-ты басып озды. Үшінші позицияны ANA All Nippon Airways сақтап қалса, төртінші орында  - Emirates. Рейтингтің бесінші орнына 2017 жылы алтыншы орынға тұрақтаған тайваньдық EVA Air  көтерілген, ал Cathay Pacific  болса алтыншы орынға түсті. Жетінші орынды екінші жыл қатарынан Deutsche Lufthansa иеленсе, сегініші орын - Hainan Airlines (2017 жылы - тоғызыншы орын), тоғызыншы - Garuda Indonesia (оныншы) және көшбасшылар ондығын Thai Airways (он бірінші) түйіндеп тұр. China Southern Airlines  соңғы 12 айда ең жоғары даму көрсеткен әуе компания болып танылды деп хабарлады Skytrax.

Аймақтық көшбасшылар тізімі өзгеріссіз қалды: Европадағы үздік авиакомпания Lufthansa, Солтүстік Америкада - Air Canada, Азияда  - Singapore Airlines. 

Төмен бюджеттік әуе компаниялардың әлемдік рейтингінде көшбасшысы орынды бесінші жыл қатарынан малазиялық AirAsia иеленсе, Европада Norwegian бірінші орнын сақтап қалды. 

2017 жылдың тамызынан 2018 жылдың мамырына дейін өткен Skytrax сауалнамасына жүзден астам мемлекеттен 20,36 млн жолаушы қатысқан. Жалпы сауалнамада 335 авиакомпанияның аты аталғанымен, ақырғы рейтингге ең үздік 100 әуе компания енеді. 

Похожие материалы