Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«СК-Фармацияға»  1,3 млрд. теңге сомасында айыппұл салынды 

«СК-Фармацияға»  1,3 млрд. теңге сомасында айыппұл салынды 

Астана. 10 ақпан. 7kun.kz - Дәрілік заттарды сатып алу және оларды жүзеге асыру бойынша дистрибьютер  «СК-Фармация» ЖШС-ға монополиялық жағдайды теріс пайдаланғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

2010-2015 жылдар аралығы кезеңінде «СК-Фармация» ЖШС дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сатып алынуын аңсыз жүзеге асырғаны анықталды.  Сондай-ақ, «СТОФАРМ» ЖШС лоттардың жеңімпаздарына қосымша міндеттерді негізсіз түрде берген. 

"Бұл әрекеттер тауарларды сақтау және тасымалдау қызметтері нарығында бәсекелестікті шектеуге ғана емес, көрсетілген қызметтер құнының өсуіне де алып келуі мүмкін", - деп жазылған хабарламада. 

Сот салған әкімшілік айыппұл сомасы 1,3 млрд. теңгені құрады.

Похожие материалы