Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өскеменде құрастырылған автокөліктерді смартфон арқылы басқаруға болады

Өскеменде құрастырылған автокөліктерді смартфон арқылы басқаруға болады

Өскемен. 6 сәуір. 7kun.kz - «АЗИЯ АВТО» автокөлік концерні connected car және big data технологиясын енгізеді. Жаңа технологиялар зауыттан шыққан көліктерді смартфон арқылы басқаруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Today.kz.

2017 жылдың сәуір айынан бастап "АЗИЯ АВТО" шығаратын автокөліктерге арнайы телематикалық құрылғылар орнатылады. Ол жүйе арқылы автокөлік пен смартфонды және сервис орталығын байланыстыруға болады.

«Сonnected car – ғаламдық автоиндустрияның перспективалы әрі жылдам дамып келе жатқан технологиясы. Бұл big data технологиясын енгізу және автобизнесті бағдарламалық қамтасыз етудің нәтижесінде мүмкін болды. Жаңа сервис көлік айдауды қауіпсіз және ыңғайлы етеді», - деп жазады баспасөз мәліметінде.

Сәуір айынан бастап, Өскеменде құрастырылған автокөлік иелері өз көліктерін смартфондары арқылы қашықтықтан басқара алады. Телематикалық жүйе машинанық техникалық жағдайын да қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді. Смартфонмен қозғалтқышты оталдыруға, жүк салғышты ашуға, жылдамдықты бақылауға, сигнал беруге және т.б. болады. Сонымен қатар, оған дабыл қызметі орнатылған, эвакуация кезінде немесе көлікті соғып кеткен жағдайда ақпарат телефоныңызға хабарланады. Ал көлікті басқа біреуге айдауға берген болса, машина өзінің орналасқан жерін жеткізіп отырады.

Айта кетейік, "АЗИЯ АВТО" зауыты Skoda (Octavia, Rapid, Superb, Yeti), Chevrolet (Aveo, Captiva, Cruze, Malibu, Orlando, Tracker), LADA (4x4, Granta, Kalina, Vesta, XRay, Largus) және KIA (Carens, Carnival, Cee’d, Cerato, Cadenza, Optima, Mohave, Picanto, Pro Cee’d, Quoris, Rio, Sorento, Soul, Sportage) автөліктерін құрастырады.

 

Похожие материалы