Өскемен. 14 қыркүйек. 7kun.kz – Өскеменде үй қызметкері үйдің астыңғы қабатында орналасқан сейфтен шамамен 130 000 АҚШ долларын (61 милллион теңге) ұрлаған, деп хабарлайды 7kun.kz.
21 жастағы үй қызметшісі тамыздың басында сейфтен алғаш рет 10 000 АҚШ долларын ұрлап, ол ақшаға шетелде демалып келген.
«Демалыстан оралғанда қыз үй иелері ақшаның жоғалғанын байқамағанын түсінген, әрі қарай ештеңе болмағандай сол үйде жұмысын жалғастырған. Бір айдың ішінде үй қызметкері сейфтен 130 000 АҚШ долларын алып шыққан. Бұл ақшаға ол үйлену тойын жасаған, пәтер және көлік сатып алған», – деп хабарлады Өскемен қалалық ПБ-да.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.