Өскемен. 28 шілде. 7kun.kz – Өскеменде жанармай бекетінде жанар-жағармай бөшкесін тазалау кезінде оқыс оқиға болып, салдарынан ер адам қаза тауып, тағы бір жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды 7kun.kz.
«28 шілдеде сағат 08:52 шамасында Өскемен қаласының Промышленная көшесінде (жанармай құю станциясының аумағында) жанар-жағармай бөшекесін тазарту кезінде ауа қоспасы жарылды. Апат салдарынан 2010 жылы туған жасөспірімнің денесін термиялық күйік шалып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар құтқарушылар шұңқырдан 1980 жылы туған ер адамның денесін шығарды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм резервуарды тазалап жатқан, оған 2010 жылы туған туысы көмектескен», – делінген хабарламада.
Қазір апаттың себептері анықталуда.