Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өскеменге ең жас әкім тағайындалды

Өскеменге ең жас әкім тағайындалды

Өскемен. 30 мамыр. 7kun.kz - Өскеменге жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметке бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған 36 жастағы Қуат Тумабаев келді. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

Жаңа қала басшысын қалалық мәслихаттың отырысында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов таныстырды. Облыс орталығында Қуат Тумабаев қала әкімі болған ең жас маман ретінде облыс тарихына енді.

Қуат Тумабаев 1980 жылы 30 қазанда дүниеге келген. Оның әкесі "Агрофирма Приречное" директоры, облыстық мәслихат депутаты Мұхит Тумабаев.

Еске салсақ, Өскемен әкімі Ерлан Аймұқашев бірнеше апта бұрын өз еркімен қызметінен кеткен.

Похожие материалы