Алматы. 6 мамыр. 7kun.kz - Елімізде әскери қызметшілердің жалақысы 1 шілдеден бастап, 25 пайызға артады.
Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Отан қорғаушылар күніне орай әскери қызметкерлерді мемлекеттік наградамен марапаттап, шен табыстау кезінде мәлімдеді.
«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының және Қарулы Күштердің 25 жылдығының құрметіне орай мен Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің, Ұлттық гвардияның және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақыларын бірінші шілдеден бастап 25 пайызға көтеру туралы шешім қабылдадым», - деді Елбасы салтанатты шара барысында.
Дінмұхаммед Алдаберген