Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Сколковода" "Инновациялық технологиялар паркінің" қазақстандық өкілдігі ашылды

"Сколковода" "Инновациялық технологиялар паркінің" қазақстандық өкілдігі ашылды

Астана. 19 қазан. 7kun.kz - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Ресей Федерациясына іссапарында «Сколково» технопаркінде «Инновациялық технологиялар паркінің» қазақстандық өкілдігінің ашылу салтанатына қатысты деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев «Сколково» технопаркінде инновациялық дамудың «Ашық инновациялар-2017» VI Мәскеу халықаралық форумына қатысты.

Форумда «Сколково» технопаркінің базасында «Инновациялық технологиялар паркі» (ИТП) Автономдық кластерлік қор өкілдігінің ашылуы өтті.

«Сколководағы» «ИТП» өкілдігінің ашылуы өткен аптада Сочиде ұйымдастырылған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша мемлекет басшылары арасындағы келісім үрдісіндегі ЕАЭО елдерінің цифрлық экономикасын сәйкестендіруге жасаған қарымды қадамдардың бірі болды. Қазіргі таңда біз Елбасының тапсырмасы бойынша адами капиталды және проактивті мемлекетті дамыту, цифрлы инфрақұрылымды жасау және экономиканың барлық саласын цифрландыру мәселесін қамтитын «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жетілдірумен айналысып жатырмыз. Бұл бағдарламада экожүйені дамыту мен өнеркәсіп мекемелерін цифрландыру сияқты маңызды элементтер болады. Бағдарлама жуырда  пысықталып жетілдіріледі», — деді  А. Жұмағалиев.

«Сколководағы» «ИТП» өкілдігі қазақстандық стартаптардың ЕАЭО нарығына шығуына қажетті жағдай жасап, білім және акселерациялық бағдарлама және софтлендингке платформа түрінде сараптамалық қолдау көрсетеді. Ал есесіне ресейлік компанияларға жеңілдетілген салық тәртіптері, стартаптарына инвестиция тарту механизмдері, ҚР ірі компанияларымен серіктестік және т.б. ұсынылады.

 

Похожие материалы