Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Skype әлем бойынша неге істемей қалды?

Skype әлем бойынша неге істемей қалды?

Skype мессенджерінің ресми сайтында 21 қыркүйек күні әлем бойынша сервистің офлайнға кетуі жөнінде түсініктеме берілді.

"Ақаудың туындауына қолданушының есептік жазбасына кіру механизміндегі қателік себеп болды. Біз бұл олқылықты шешіп жатырмыз. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Алдағы уақытта қолданушыларды хабардар етіп отырамыз", - делінген хабарламада. Сервис жұмысының қашан қалпына келтірілетіні белгісіз. Естеріңізге сала кетсек, дүйсенбі күні Skype дүние жүзінде жұмыс істемей қалған еді. Қолданушылар хабарлама жіберу ұзақ уақыт алады, статус ауыстырылмай, қоңырау шалынбайды деген наразылық білдірген еді.

Похожие материалы