Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Смайылов ЕАЭО-ны ұлттық валюталар бағамын доллардан тәуелсіз етіп қалыптастыруға шақырды

Смайылов ЕАЭО-ны ұлттық валюталар бағамын доллардан тәуелсіз етіп қалыптастыруға шақырды

Қырғызстан. 26 тамыз. 7kun.kz – ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ұлттық валюталары арасындағы айырбас бағамының айтарлықтай бұрмаланғанын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

ҚР премьер-министрі Қырғыстанда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты.

Үкімет басшысы бүгінгі жағдайда Одақ елдері, ең алдымен, азық-түлік тауарларының айтарлықтай өсуіне тап болып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, ЕАЭО-да азық-түлік бағасы 6 айда 12,9%-ға өсті.

«Біздің интеграцияның қазіргі деңгейінде ұлттық валюталар өзара саудада кеңінен қолданылады. Бұл ретте біз АҚШ валютасына қатысты кросс-бағамдар арқылы анықталатын ұлттық валюталарымыз арасындағы айырбас бағамдарының елеулі бұрмалануын көріп отырмыз. Бұл біздің елдердегі сауда мен инфляциялық процестерге айтарлықтай әсер етеді», – ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов әріптестерін ұлттық валюталардың бағамын қалыптастыру мәселелерін талқылау және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысына ұсыныстар енгізу үшін орталық банктердің консультацияларын өткізуге шақырды.

Похожие материалы