Алматы. 05 тамыз. 7kun.kz - Смартфондардың әлемдік сатылымы 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2,5%-ға - 1,5 млрд данаға дейін қысқарады, деп болжайды Gartner зерттеу компаниясы.
Ең жоғары төмендеу қарқыны Жапонияда (-6,5%), Батыс Еуропа мемлекеттерінде (-5,3%) және Солтүстік Америка мемлекеттерінде (4,4%) тіркеледі. Бұл осы өңірлердегі нарықтардың жетілуіне және жоғары бағаның өсуіне, сондай-ақ ескі телефондарды жаңа модельдерге ауыстыруға ынталандырудың болмауына байланысты.
Сонымен қатар, 2020 жылы компания сарапшылары смартфондардың әлемдік нарығын қалпына келуінкүтуде, соның нәтижесінде жеткізілімдер 2,8%-ға артып, 1,56 млрд данадан асып түсуі мүмкін.
2019 жылы смартфондардың әлемдік сатылымдары (млн дана):
- Шығыс Еуропа - 45,043
- Азия-Тынық мұхиттық дамушы елдер - 168
- Еуразия - 49,695
- Қытай - 411,095
- Латын Америкасы - 125,675
- Азия-Тынық мұхиты аймағының дамыған елдері - 30,062
- Таяу Шығыс және Африканың солтүстігі - 76,336
- Солтүстік Америка - 166,51
- Қалған Африка - 90,104
- Батыс Еуропа - 139,421
- Жапония - 31,722
- Барлығы - 1517,83