Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

3 тоқсанда 389 млн ұялы телефон сатылды

3 тоқсанда 389 млн ұялы телефон сатылды

Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz —  2018 жылдың үшінші тоқсанында қолданушыларға арналған смартфондардың саны әлем бойынша 389 млн бірлікті құрады. Бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,4 % артық. Бұл туралы Gartner ғылыми-зерттеу компаниясы хабарлайды.

Сатылым жағынан қытайлық өндіріс көш бастап тұр. Huawei сатылымды 43% -ға ұлғайтты. Нәтижесінде Huawei  Apple-ді басып озып, әлемде екінші орынға шықты. Компания  шілде-қыркүйек айларында 52,2 млн , ал Apple-нің үлесінде 45,7 млн.құрылғы. Xiaomi төртінші орынға шығып, бәсекелес OPPO-ны артқа тастады. Нарықтың үлесін 7% - дан 8,5% - ға дейін ұлғайта түсті. Компания 33,2 млн дана смартфон сатқан.

Похожие материалы