Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Смартфонның оқуға кедергі ететіні тәжірибе жүзінде дәлелденді

Смартфонның оқуға кедергі ететіні тәжірибе жүзінде дәлелденді
Психологтар студенттердің сабақ оқуларына смартфонның зияны барын дәлелдеп шықты. Райс университетінің психолог мамандары студенттерге iPhone сыйлайды. Олар бастапқыда гаджеттің ақпарат іздеуге, оқуға қатысты жазбалар қарауға көмегі болады деп үміттенген еді. Тіпті студенттердің өздері де солай ойлаған. Бұл тәжірибе туралы  The Daily Mail жазады. Тәжірибе басталмас бұрын және біткен кезде студентерге бірнеше сұрақтар қойылады. Ұпай жоғары болған сайын, жауап та қанағаттанарлық болады. Тәжірибенің басында смартфонның оқуға пайдасы тиеді ме деп сұрағанда орташа ұпай 3,71 болған еді. Ал, бір жыл өткен соң ол көрсеткіш 1,54-ке түсіп кеткен. Яғни, бас кезіндегідей емес, соңында студенттер пайдасы тиеді деп есептемеген. Телефон оқу барысында алаңдатады ма деген сұрақтың орташа ұпайы басында 1,91 болатын. Соңында сұрағанда ұпай 4,03-ке өскен. Басында үй тапсырмасына смартфонның көмегі бар деп жауап бергендер, соңында басқаша жауап берген. Зерттеу нәтижесінде студенттердің телефонды оқу үшін емес, көңіл-көтеру, ермек үшін пайдаланғандығы белгілі болды.

Похожие материалы