Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Соңғы 5 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25,3% өсті

Соңғы 5 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25,3% өсті

Алматы. 2 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-мамырында негізгі капиталға инвестиция көлемі 3,5 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңінен 25,3% артық (2,5 трлн. теңге), деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Сонымен, салалар бойынша қарастыратын болсақ, негізгі капиталға құйылған инвестициялардың басым бөлігі тау кен өндірісі (45,3%), жылжымайтын мүлікпен жасалған операциялар (13,9%), көлік (12,3%), қайта өңдеу саласына (11,7%) тиесілі. Сонымен қатар, электр энергиямен қамтамасыз (3,2%), ауыл шаруашылығы (2,5%), сауда (2,0%), білім (1,6%), сумен қамтамасыз ету (1,4%), тұру және тамақтану бойынша қызметтер (1,2%), денсаулық сақтау (0,9%), өнер, ойын-сауық пен демалу (0,8%), құрылыс (0,8%), ақпарат және байланыс (0,7%), қаржы қызметтері (0,6%), әкімшілік және көмек көрсету саласындағы қызметтер (0,4%), кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтер (0,3%) және т.б. бар.

Жалпы, негізгі капиталға инвестициялардың басым бөлігі негізгі үш салада артқан. Атап айтқанда, инвестиция көлемі өнер, ойын-сауық және демалу саласында 80,7%-ға, денсаулық сақтауда 54,5%-ға, тау-кен өндірісінде 42,4%-ға артқан. Сонымен қатар, өсім жылжымайтын мүлекпен жасалған операциялар (41,4%-ға), құрылыс (37,6%-ға), тұру және тамақтану қызметтері (36,9%-ға), көлік (на 36,1%), ақпарат және байланыс (33,4%-ға), қайта өңдеу саласында (21,5%-ға), сауда (13,1%-ға), ауыл шаруашылығы (1,4%-ға) салаларында да байқалып отыр.

Аймақтар бойынша айтатын болсақ, инвестиция көлемі бойынша Атырау облысы 39,5% көш бастап тұр. Екінші үшінші орынды сәйкесінше Астана-9,7% және ОҚО-8,8% алды. Содан соң, Алматы-6,5%, Маңғыстау облысы - 5,7%, Алматы облысы - 4,2%, ШҚО - 3,7%, Қарағанды облысы - 3,6%, Ақтөбе облдысы - 3,5%, БҚО - 3,3%, Амола облысы - 2,2%, Павлодар облысы - 2,1%, Жамбыл облысы - 2,0%, Қызылорда облысы - 1,9% , Қостанай облысы - 1,8%, СҚО 1,5% өсім көрсетті.

Похожие материалы