Алматы. 29 маусым. 7kun.kz - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліаметінше, соңғы алты жылда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да қозғалыс қауіпсіздігін бұзу екі есе азайды, деп хабарлады abctv.kz.
Бұған 7 мың шақырым жолды қайта жаңғыртып, 4 мың шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу арқылы қол жеткізілген. «Көрсетілген уақытта 397 локомотив, 24854 жүк және 1089 жолаушылар вагондары сатып алынды.
Жаңа диагностикалық құрал жабдықтарды өндіріске енгізу арқылы вагондардың 90 мыңнан астам ақаулы қосалқы бөлшектері, 67 мыңнан астам рельс ақауы анықталды»,- деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Ақболат Жағыпаров.