Алматы. 8 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстанда соңғы алты айда ет бағасы 6 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ranking.kz.
Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа (ЕЭҚ) мүше елдердің ішінде Қазақстанда ет бағасы 6 айдың ішінде бірден 6,1 пайызға өсті. Қауымдастыққа мүше басқа елдерде бағаның төмендігі байқалады. Мысалы Арменияда ет бағасы 3,7 пайызға, Қырғызстанда 3,2 пайызға, Ресейде 0,1 пайызға ғана жоғарылаған. Қазақстан бұл анти-рейтингте екінші жыл қатарынан бірінші орында тұр.
Қазақстандағы ет бағаларының өсуіне себеп болған сұраныстың көп болуы және жергілікті ет өндірушілердің азаюы.
Ең қымбат сиыр, қой және жылқы еті бағасы Астана қаласында тіркелді. Сиыр етінің бір келісі 1 641 теңге тұрады. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 17,2 пайызға жоғары. Қой еті (1 750 тг, республика бойынша орташа көрсеткіштен 26,3 пайызға жоғары) және жылқы еті (1 785 тг, республика бойынша орташа көрсеткіштен 14,9 пайызға жоғары).
Тауық етінің ең қымбат бағасы Атырауда (бір келі 858 тг). Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 14 пайыз жоғары, шошқа еті Жезқазған қаласында (1 368 тг) тіркелді.
Сиыр етінің ең төмен бағасы Павлодар және Петропавл қалаларында (1 249 тг), ең арзан қой еті Оралда 1,100 теңгеден, тауық еті ең төмен бағада Павлодарда 632 теңгеге, ал Көкшетауда 920 теңгеге сатылған.
Айгүл Хожантаева