Алматы. 27 шілде. 7kun.kz - Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың басшылығымен ІІД ағымдағы жылдың жарты жылдығында жасалған жұмыстарын қорытындылауға арналған отырысы өтті.
Алматы қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаевтың айтуынша, қаладағы ахуал үнемі бақылау үстінде. Есептік кезеңде мынадай қылмыстардың белсенділігі азайған: ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрылуы 33,3%, күш көрсету 9,5%, көлікті иемдену 9,3%, тонау 6,3%, пәтерде ұрлық жасау 4,4%. Жарты жыл ішінде 4 адам ұрлау, 9 күш көрсету, 15 заңсыз қару сақтау, есірткі айналымына қатысты 7 қылмыстық іс фактілері анықталған.
Қала әкімі А. Есімовтің айтуынша, соңғы үш жылда ІІД-ға 55 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде, 6,9 млрд теңге материалдық-техникалық жабдықтауға жұмсалған.
Осы жылы қалалық ІІД бюджеті 20,1 млрд теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 млрд теңгеге артық. Оның 64 пайызы немесе 12,4 млрд теңге қалалық бюджеттен бөлінген. 2013-2014 жылы 258 дана автокөлік сатып алынып, ІІД автопаркінің үштен бірін жаңартылған еді. Бүгінде тағы 97 автокөлік алуға қала бюджетінен 2015 млн теңге қарастырылып отыр.