Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Соғыс басталғалы әлеуметтік желі қолданушыларының Украина туралы жаңалықтарға қызығушылығы 22 есе азайды

Соғыс басталғалы әлеуметтік желі қолданушыларының Украина туралы жаңалықтарға қызығушылығы 22 есе азайды

Әлем. 6 маусым. 7kun.kz – Украинадағы соғыс туралы жаңалықтарға әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығы айтарлықтай төмендеді. Өткен аптамен салыстырғанда бұл көрсеткіш 22 есеге азайған. Бұған NewsWhip деректері дәлел, деп жазады Axios.

Соғыстың бірінші аптасынан соңғы аптасына дейінгі аралықта әлеуметтік желіде Украинадағы соғыс туралы ақпаратқа лайк, пікірлер, репосттар саны 109 миллионнан 4,8 миллионға дейін яғни 22 есеге азайған.

Сонымен бірге интернет БАҚ-тағы Украина туралы мақалалар саны 520 мыңнан 70 мыңға дейін азайған.

NewsWhip мәліметтері бойынша сәуір мен мамыр айларында қолданушылар Украинадағы соғысқа қарағанда Джонни Депп пен Эмбер Хердтің шуына қызығушылығы алты есе көп болып шықты.

Мұны Владимир Зеленский де біліп, алаңдап отырғанға ұқсайды. Өткен аптада Axios репортері Джонатан Свонға Украина үшін жаһандық назар өте маңызды екенін, бірақ ол адамдар бұл тақырыптан жалығып, «жаңа нәрсені қалайды ма» деп қорқатынын айтқан. Өйткені назар азайған сайын Украинаға көмектесе алатын әлемдік көшбасшыларға қысым да азаяды.

Похожие материалы