Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Солтүстік Қазақстанның 2585 тұрғынына ел аумағынан шығуға тыйым салынды

Солтүстік Қазақстанның 2585 тұрғынына ел аумағынан шығуға тыйым салынды
2015 жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстанда 2500 борышкерге ҚР аумағынан шығуға тыйым салынды. Олардың басым көпшілігі - алимент төлемегендер. Бұл жөнінде СҚО әділет департаментінде өткен брифингте сот орындаушысы Ирина Антощенко мәлімдеді деп жазады 365инфо. «Үш жылдан бері Қазақстанда "Бүркіт" автоматтандырылған қызмет жүйесі жұмыс жасайды. Жүйе арқылы салық төлемегендерге елден шығуға уақытша тыйым салынады. Жыл басынан бері аталған тыйым 2585 солтүстік қазақстандық азаматтарға салынған. Көбісі кәмелетке толмаған балаларына алимент төлемегендер. Соңғы 3 күннің өзінде аталған себеппен 8 азамат шетелге шыға алмай қалған. Ал, бір солтүстік қазақстандық әйел қарызының болуына байланысты Чехияға жіберілмеді», — дейді И.Антощенко.

Похожие материалы