Экономика
IT, Технология
Солтүстік Кореяда шетелдіктерге 3G қолжетімсіз болмақ
Белгісіз мерзімге дейін шетелдік абоненттерге 3G-дің өшірулі болатыны туралы солтүстік кореялық Koryolink ғаламтор операторы хабарлады. Бұл жөнінде Reuters жазады.
Солтүстік Кореяның өз азаматтарына цензурадан өтпеген ішкі ғаламторды қолданға тыйым салынған. Ал, шетелдіктер болса, 3G қосылғанжергілікті сим-карталарды сатып ала алатын болған еді.
Ғаламтордың өшірілген себебі айтылмады. Бірақ, бұл Koryo Hotel атты пхеньян қонақ үйінде болған ірі жарылыстан кейін орын алды. Мүмкін, жарылыс суреттерінің желіге тарап кеткені осыған себеп болған болса керек.
Солтүстік Кореяда түратын 24 миллион тұрғынның тек 2,5 миллионы ғана мобильді байланыс абоненттері.