Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Соңғы екі жылдан бері шетелге шықпаған Си Цзиньпин Тоқаевпен кездесу үшін Қазақстанға келеді

Соңғы екі жылдан бері шетелге шықпаған Си Цзиньпин Тоқаевпен кездесу үшін Қазақстанға келеді

Нұр-Сұлтан. 13 қыркүйек. 7kun.kz - Ертең Қазақстанға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

 «Борт N1» Telegram-каналы таратқан ақпаратқа сүйенсек екі ел қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Қазақстандағы бір күндік сапарынан кейін Қытай басшысы Тоқаевпен бірге Самарқандқа барып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Саммитте Си Цзиньпин Путинмен кездеседі деп жоспарланған.

Ресейлік БАҚ мұны «Соңғы екі жылдан бері шетелге шықпаған Си Цзиньпин Путинмен кездесу үшін Қытайдан сыртқа шығады» деп жарыса жазуда. ҚХР төрағасының Қазақстанға сапарынан кейін, саммит аясында кездесетіні туралы бір ауыз ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Си Цзиньпин мен айналасындағы жоғары лауазымды шенеуніктер СOVID-19-ға байланысты екі жылдан астам уақыт сыртқа шыққан жоқ. Сондықтан әлемдік БАҚ бұған ерекше мән беріп, сан-саққа жүгіртуде.

Айта кетейік, бұл Си Цзиньпиннің Қазақстанға төрітнші сапары. Соңғы рет 2017 жылы ШЫҰ саммиті мен ЭКСПО-ның ашылуына келген.

Похожие материалы