Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Sony бір жылда табысын 14 есеге арттырды

Sony бір жылда табысын 14 есеге арттырды

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – Sony корпорациясы 2017 жылдың үшінші тоқсанындағы (1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін) табысын мәлімдеді деп хабарлады, gagadjet.co сайты.

Үшінші тоқсанда компания 23,649 млрд доллар табыс тапқан. 2016 жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға артық. Операциялық пайда  3,105 млрд долларды құрады. Бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 279,8 пайызға көп.

Sony компаниясының таза пайдасы рекордтық 1407,3 пайызға артып, 2,619 млрд долларға дейін жеткен.

Sony-дің жақсы көрсеткіштерге ие болуы, компанияның барлық қызметтерінің нәтижелі болумен байланысты: сервиске сай қызметтер, тұрмыстық ойын-сауық электроникасын шығару, жартылай өткізгіш бұйымдар, кино өндірісі мен дыбыс жазу.

Мысалы, Sony Pictures киностудиясының  «Джуманджи: Зов джунглей» фильмі кенеттен үлкен сұранысқа ие болуының арқасында табыстарын ұлғайтқан. Ал PlayStation ойындар арқасында кіріс 16,2 пайыз артты.

Қания Табыс

  Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы