Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Sony тағы бір бөлімшесін дербес компания қылмақ

Sony тағы бір бөлімшесін дербес компания қылмақ

Жапондық Sony Corp. бизнесті ауқымды қайта құрылымдау аясында тағы бір бөлімшесін жеке компания ретінде бөлу туралы жоспарларын жария етті деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Компанияның бас директоры Кадзуо Хираи микрочиптер мен батареяларды шығару жөніндегі бизнес дербес болуы әбден мүмкін деп мәлімдеді. Өткен аптада ол аудио- және видеоаппаратураны шығаратын бөлімшесін автономды қылу ойымен бөліскен еді.

Басшылықтың пікірінше, корпоративтік құрылымдағы мұндай өзгерістер бөлімшелердің тәуелсіздігін арттырып, өндіріс көлемін ұлғайтудың орнына табысты жоғарылатуға ден қоюға мүмкіндік береді.

"Активтердің бөлінуі олардың сатылуын немесе бизнестен шығып қалуын білдірмейді. Біздің мақсатымыз - әр бөлімшенің тәуелсіздігін жоғарылату. Осылайша біз менеджерлеріміздің басқарушылық қабілеттерін дамытамыз. Біздің бөлімшелеріміздің жетекшілері өздерін үлкен корпорацияның орта деңгейлі менеджерінен гөрі, кәсіпкер болып сезінгендерін қалаймыз", - деді К.Хираи.

 

Похожие материалы