Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Sony теледидар мен смартфондардан бас тартуы мүмкін

Sony теледидар мен смартфондардан бас тартуы мүмкін

Sony корпорациясының басшысы Казуо Хираи компанияның жаңа стратегиясын жариялады. Енді жапондық компания бизнесінің негізгі бағыттары кинофильмдер, PlayStation приставкалары мен фотосенсорлар өндірісі болмақ. Ал ұялы телефондар мен теледидарлар бөлімі сатылуы мүмкін.

Хираидың мәлімдеуінше, корпорация смартфондар сатылымын ұлғайтуға тырыспайды. Бұл нарықта Apple мен Samsung тарапынан және қытайлық кәсіпорындар жағынан бәсекелестік өте үлкен. Ал теледидарлар бөлімі жақында ғана еншілес компания ретінде бөлек шығарылған. Сарапшылардың айтуынша, оны сатылымға дайындап жатыр. Еске салайық, 2014 жылдың басында Sony корпорациясы VAIO брендіндегі компьютерлер өндірісін бөлек компания ретінде сатып жіберген еді.

Компания басшысының түсіндіруінше, жаңа стратегия табысты ұлғайтып, инвестициялауды көбейтуге бағытталған. Sony-дың жеке бизнес-бөлімдеріне автономия есебіндегі статус беріледі.  Кинобизнесті,  PlayStation бөлімі мен фотосенсорлар өндірісін дамыту арқылы жапондық фирма 2017-2018 жылдарға қарай операциялық табысты 25 есе өсірмекші.

Ал смартфондар мен планшеттер және теледидар бөлімдері-сатылымға шығаруға арналған бірінші үміткерлер. Хираи компанияның алдағы уақытта бұл бизнестен шығуы мүмкін екендігін де ескертті.

 

Похожие материалы