Экономика
Сот отырысы залдары аудио және видеофиксациямен жабдықталады
Жыл соңына дейін барлық сот отырысы залдары аудио және видеофиксациямен жабдықталатын болады. Интернеттің көмегімен сот құжаттары қолжетімді болмақ. Бұл жөнінде Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми хабарлады. Сот реформасы "100 қадам" Ұлт жоспары аясында жүргізіп отыр.
Оның айтуынша, Ұлттық комиссия сот кандидаттарына арналған жас шектеуін 25 жастан 30 жасқа көтеру туралы ұсыныс айтқан. Және сот өндірісі саласында 5 жыл тәжірибесі болуы міндетті болады.
Сонымен бірге, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының құрамындағы Сот төрелігі институы Жоғарғы соттың құрамына енгізілмек. Осы ретте Халықаралық консултативтік кеңес құру да жоспарланып отыр. Сот жүйесі болса топтық ұстаныммен өзгермек: бірінші, апелляциялық, кассациялық.
Қайрат Мәми, Жоғарғы сот төрағасы:
— Президент жанындағы Жоғары сот кеңесі де реформаланатын болады. Жоғарғы сот кеңесін өз қызметкерлері бар үнемі жұмыс істейтін орган ету ұсынылып отыр. Ол жерге белгілі мерзімге босатылған негізде соттар, прокуратура қызметкерлері, қызметтен кеткен соттар, мықты қорғаушылар, заңгерлер алынатын болады. Олар тек кадр таңдап алумен айналысады.