Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сот Қайрат Боранбаевты жаңа жылда үйіне жібермей қойды

Сот Қайрат Боранбаевты жаңа жылда үйіне жібермей қойды

Астана. 30 желтоқсан. 7kun.kz – Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық соты Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа қатысты бұлтартпау шарасын қамауға алудан үйқамаққа ауыстырудан бас тартты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Судья Назгүл Бапақованың айтуынша, cотқа Қайрат Боранбаевтың адвокаты Данияр Қанафин мен сотталушы Роман Нахановтың адвокаты Сүлейменовтен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын жеңіл түріне өзгерту туралы өтініш келіп түскен.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 17 наурыздағы қаулысымен Боранбаев пен Нахановқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Астана қаласы сотының Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен, жоғарыда аталған қаулы өзгеріссіз қалдырылды.Қорғаушылардың өтінішхаттарында көрсетілген уәждер жоғарыда аталған соттарда қаралған, Наханов пен Боранбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуге негіздер мен жағдайлар жоқ», – деді судья.

Ол Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов ауыр қылмыс жасады деген айыппен сотқа тартылғанын атап өтті.

Еске салайық, биыл 17 наурызында кәсіпкер Қайрат Боранбаев квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемдегі қылмысты - жымқыру жасады деген күдікпен қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Похожие материалы