Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сотталғандарға білім беру үшін 55 млн теңге жұмсалады

Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Елбасы Ұлт Жоспарының 33 қадамын орындау мақсатында 2016 жылы Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға  білім беру және әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы бекітілді.

Стратегия шеңберінде «Қақпа алдында кездесу» жобасы іске асырылды. Сотталғандардың отбасыларымен бейнекездесулер, азаматтарды қайта әлеуметке қосу процесіне волонтерлер белсенді тартылды. Сотталғандарды қайта әлеуметке қосу саласындағы ҮЕҰ және қоғамдық бірлестіктермен 292 меморандум жасалды. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жалпы сомасы 55 млн теңгеге 15 шарт жасалған.

Алматы және Павлодар облыстарында оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, сотталғандардың білім алуы жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруы жоспарланып отыр. Осы оқыту білім берудің тек дәстүрлі жүйесінің жағдайымен ғана емес, сонымен қатар жаңа технологиялар пайдаланылатын болады. Бір сөзбен айтқанда, сотталғандарға жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқуға мүмкіндік берілетіні жоспарланып отыр. Сотталғандарды оңтайлы оқыту нысаны интернет және кейс-технологиялар арқылы қашықтықтан оқытады.

Отырыста әлеуметке қосудың негізгі факторы болып білім және мамандық алу, жұмысқа орналасу екендігі атап өтілді. Сотталғандарды қайта әлеуметке қосу – бұл көкейкесті мәселелердің бірі. Оның шешімі тек құқық қорғау органдары емес, нақты мемлекет және азаматтық қоғам институттарына тәуелді. Бұл жағдайда Білім және ғылым министрлігі мен жоғары оқу орны.

Шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, Қазақстан осы тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің жеке процесін ойлап шығарды. Бұнда басты элемент болып ҚАЖ мекемелерінде оқыту жүйесі, яғни барлық азаматтары үшін еңбек нарығындағы талаптарды, бәсекеге қабілеттілік, құзыреттілік, қойылған міндеттері шеше білу қабілеттілік ескеріледі.

Похожие материалы