СҚО. 8 тамыз. 7kun.kz – Солтүстік Қазақстан облысында ер адам өзімен бірге аң аулауға шыққан жерлесін абайсызда атып өлтірді. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жазатайым оқиға 6 тамызда Шал ақын ауданы Неждановка ауылының жанындағы орманда болған. 55 жастағы Айыртау ауданының тұрғыны аң аулау кезінде елікке оқ атқан, алайда бытыраның бір бөлігі қасындағы 64 жастағы серігіне тиген. Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК 99-1-бабы «адам өлтіру» бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Нәтиже бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.