Алматы. 11 шілде. 7kun.kz – 2020 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысында сүт-тауар фермаларының құрылысы бойынша сегіз жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады.
Олардың ақпаратына сәйкес, биыл Мамлют, Қызылжар, Аққайың және Есіл аудандарында төрт сүт-тауар фермасы іске қосылмақ.
«Жобалардың жалпы құны 5,6 млрд теңгені құрайды. Қуаттылығы - жылына 11,5 мың тонна сүт. 120 жұмыс ашу жоспарлануда», - деп қосты басқармада.
Сонымен қатар, 2020 жылы Мағжан Жұмабаев, Айыртау, Қызылжар және Ғабит Мүсірепов аудандарында осындай фермалар іске қосылады деп күтілуде.
«Жалпы бұл жобалар 3,5 млрд теңгені құрайды. Олардың қуаттылығы жылына 8 мың тонна сүт құрайды. Жұмыспен 75 адам қамтамасыз етіледі », - деп хабарлады ведомствода.
Бұдан басқа, Қызылжар ауданында сүт кешенін кеңейту бойынша жобаны іске асырғысы келеді. Басқармада оның құны 720 млн теңгеге бағаланып отыр. Бұл ретте кешеннің қуаты 7,5 мың тонна сүтке ұлғайтылатын болады.