Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

СҚО-дағы әйелдің абайсызда өлімі: бұрынғы учаскелік полиция қызметкері ұсталды

СҚО-дағы әйелдің абайсызда өлімі: бұрынғы учаскелік полиция қызметкері ұсталды

СҚО. 22 шілде. 7kun.kz – Солтүстік Қазақстан облысында полицияның учаскелік инспекторы қызметі бойынша әрекет етпеді деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы СҚО прокуратурасы хабарлады.

11 шілдеде СҚО Жамбыл ауданы Бауман ауылының маңында
жидек теруге шыққан 51 жастағы әйел оқ жарақатын алды. Зардап шегуші аудандық ауруханаға жетпей, жолда қайтыс болды.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен қаза тапқан әйелдің 65 жастағы жерлесі ұсталды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігі «абайсызда адам өлтіру», 287-бабының 3-бөлігі «атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, ұстау, өткізу» бойынша айып тағылды.

Бұдан басқа, ҚК-тің 370-бабының 4-бөлігі «қылмыстық құқық бұзушылық жасады» деген күдік бойынша (қызмет бойынша әрекетсіздік) Жамбыл ауданы Озерное ауылының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бұрынғы учаскелік инспекторы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Күдіктінің полиция қызметкері бола отырып, қылмыс жасаған, яғни абайсызда адам өлтірген адамның жанында бола отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өзінің лауазымдық міндеттерінің аясына кіретін іс-әрекеттер жасамағаны алдын ала анықталды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

СҚО полиция департаментінің Қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізуде.

Похожие материалы