Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ескі көліктерге сұраныс төмендеп жатыр

Ескі көліктерге сұраныс төмендеп жатыр

Қолданыста болған көліктерді сату-сатып алу нарығында сұраныс азайып жатыр деп хабарлайды Қазақстандық автобизнес ассоциациясының президенті, AllurGroup басшысы Андрей Лаврентьев.

"Егер біз өткен жылға қарасақ, Қазақстандағы ескі көліктер нарығында 680 мың келісім-шарт артық болған. Бұл жылы  second-hand нарығы аздап төмендеді. Қазір тек 450 мың қолданыста болған көліктер сатылған",- деп хабарлады А.Лаврентьев. Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта қолданыста болған автомобильдер нарығы өзгеріске ұшырап жатыр. Тұтынушылар ресми дилерлердің жаңа көліктерін таңдауда. "Ескі көліктер бағасы сол күйінде қалуы мүмкін. 2010 жылғы жаңа кедендік салықтан кейін сатып алынған машиналардың орташа жасы - 3-4 жыл. Қаір оларды екінші сатылымға шығарып жатыр. Менің ойымша, бағалар төмендеуі мүмкін", -деп қорытындылады А.Лаврентьев.

Похожие материалы