Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Startup Tour 2016: Бизнес бастау үшін бүгіннен артық уақыт жоқ

Startup Tour 2016: Бизнес бастау үшін бүгіннен артық уақыт жоқ

Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz - Ісін енді бастаған стартап-командаларға үлкен мүмкіндіктер сыйлайтын ТМД-дағы ең ірі Startup Tour шарасы басталды. Наурыз айының 30-31 аралығында өтетін бұл тур Алматыда осымен екінші рет өткізіліп жатыр деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.

Жобаны "Сколково" қоры ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

 «Мынау менің стартап-тур аясында ұйымдастырып отырған 66-шарам. Ресейдің түкпір-түкпірінде болып көрдім. Біз кеңістігімізді ұлғайтып, басқа елдермен тығыз байланыс орнатқымыз келеді. Бизнесті бастау үшін бүгіннен артық уақыт жоқ. Мәселен, егер мұнай қымбат болғанда, бизнесмендер саны қазіргідей көп болмас еді. 1994 жылы мен интернет-банкингпен айналысатын компания құрдым. Себебі дағдарыс кезеңіне сәйкес келді. Бір жаңалық енгізу керек болды. Осылайша банк тарихына өз өзгерісімізбен келдік. Дәл қазір экономикалық рецессия кезінде жаңа технологияларды енгізу ауадай қажет. Бүгінде үкімет те, басшылық та ғылымға үлкен мән береді», - дейді "Сколково" қоры президентінің кеңесшісі Пекка Вильякайнен.

Алматы қаласы осы жылы тіркеліп, өтініш бергендер саны жөнінен екінші орында. Екінші рет қана өткізіліп отырған шараға қызығушылықтың өскені қуантады дейді ұйымдастырушылар. Негізінен қатысуға ниет білдіргендер саны 700-ге жетеді. 230 қатысушы өздерінің стартап-идеяларын ұсынады. Соның ішінде үздік деп танылған 50 жұмыс іріктеліп, келесі кезеңге жіберіледі.

 Еуразия нарығына шығу үшін бұл қазақстандық стартапшыларға жақсы мүмкіндік. Дәл қазіргі уақытта Қазақстандағы саясат инновацияға барынша көңіл бөлуге бағытталып отыр. Стартап-тур аясында үздік стартапшылар жыл сайын Ресейде өткізілетін Startup Vilage конференциясына жолдама алады. Сондай-ақ, РОСНАНО қорының инфрақұрылымдық білім беру бағдарламасына шақырту ала алады.

Шараның былтырғы аймақтық кезеңінің жеңімпазы Кирилл Цойға жүлде бұйырмаған. Оның жобасы - анимациялық кітаптар жасау. Десе де, байқау кезінде оның жобасына Финляндиялық кәсіпкерлер қызығып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырған. Демек, идея көптің көңілінен шықса, қолдау табылады деген сөз.

Байқау нәтижелері ертең, яғни 31 наурыз күні белгілі болады.

Похожие материалы