Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Startup Tour инновациялық шарасы аяқталды

Startup Tour инновациялық шарасы аяқталды

Алматыда табысты инновациялық жобаларға арналған ТМД-дағы ең ірі Startup Tour шарасы аяқталды. Қазақстанда осымен екінші рет өткізіліп отырған жас стартапшылардың конкурсында инновациялық нарықтағы инвесторлар мен сарапшылардың қолдауымен 20 жоба жеңімпазы анықталды. Іс-шараны  Almaty TechGarden және Almaty Management University ұйымдастырды.

«Қазақстанда өткен Startup Tour шарасының былтырғы жылғы нәтижесімен салыстырғанда биыл конкурсқа қатысқан стартап жобалардың саны мен сапасы бірнеше есеге жақсарған. Турдың негізгі міндеттерінің бірі - «Сколково» қоры арқылы Қазақстаннан ұсынылатын стартап жобалардың мүмкіндіктері туралы инноваторлар мен кәсіпкерлерді хабардар ету", - «Сколково» қорының өкілі Иван Киреев.

Ал "Инновациялық технология паркі" Автономды кластерлік паркінің (Almaty Tech Garden) бас директоры Санжар Каттебеков аталған инновациялық  іс-шараның маңыздылығын атап өтті. «Almaty Tech Garden – аймақтың аймақтың инновациялық дамуының ашық алаңы. Қазірдің өзінде бізде  үнемі жарыстар, оқу семинарлар, технологиялық жетілдіру бағдарламалары өтеді. Біз «Сколково» қорымен ынтымақтастық аясында жаһандық кәсіпкерлік желісіне қосылудың мүмкіндіктерін көріп отырмыз. Инновациялық даму жаһандық экономика драйверінде пайда болады және бұл әркімнің сапалы жақсы технологиялық орта қалыптастыруына ықпал етеді", - деді ол.

Жоба жеңімпаздары Ақпараттық технология, Энергетика және энергоэффективті технология, Биология және медицина технологиясы, Өндіріс технологиялары мен материалдары, Өндіріс және ауыл шаруашылығы саласындағы биотехнология бағыттары бойынша анықталды. Сондай-ақ, Almaty Tech Garden ұсынған арнайы номинация бойынша 4 қатысушы лауреат атанды.

Похожие материалы