Астана. 3 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда мемлекеттік және студенттік несиелерді бақылау жүйесі іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді деп хабарлады inform.kz.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде білім беру саласындағы 64 мемлекеттік қызметтің 16-сы автоматтандырылды. Қалған 48 қызмет әлі де электронды нұсқаға көшірілген жоқ. Соның басым бөлігі жергілікті билік пен ұйымдарға тиесілі.
«Ал техникалық тапсырмаларға келсек, нақты үш жоба бар. Олар - білім беру мәліметтерінің ұлттық базасы, мемлекеттік және студенттік несиелерді өтеуді бақылау жүйесі, сондай-ақ «Болашақ» ұлттық ақпараттық жүйесі. Соның ішінде "Болашақпен" несиелерді өтеу жобалары өндірістік эксплуатацияға тапсырылды», - деді Абаев.
Айгүл Хожантаева