Экономика
Выбор редактора
Стивен Сигал алмаз өндірісін қаржыландырады
Голливудтық актер Стивен Сигал инвестициялық тартымдылығын анықтау мақсатында Якутияның Мирный қаласына ұшып келді. Өңірде әлемдегі ірі алмаз өндіруші компаниялардың бірі ресейлік АЛРОСА компаниясының алмаз кеніштері орналасқан. Бұл туралы американдық Bloomberg агенттігі хабарлады.
Агенттік хабарлауынша, Стивен Сигал алмаз өндірісіне қызығушылық танытып, ресейлік алмаз компаниясына инвестиция тартпақ ниетте. Ал,
РБК агенттігі Сигал американдық Legg Mason Global Asset Management Trust инвестициялық компаниясының сарапшысы қызметін атқаратынын, сол себепті өңірдің инвестициялық әлеуетін зерртей келгенін жазады. Өңір әкімшілігі бұл ақпаратты растағанымен, АЛРОСА қызметкерлері бұл ақпаратты жоққа шығарып, Стивен Сигал алмаз бизнесін тек өз қызығушылығымен зерттеп жүргенін хабарлады.
"Стивен Сигалдың аталған инвестициялық компанияның қызметкері екені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұған дейін БАҚ-та жарияланған ақпараттардың күші жойылған." - делінген хабарламада.
Айта кетейік, АЛРОСА компаниясы Ресейдегі алмаз өндірісінің 95 пайызына, әлемдік алмаз өндірісінің 25 пайызына иелік етеді.