Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Студенттерге 81 теңгелік түскі ас таратылды

Студенттерге 81 теңгелік түскі ас таратылды

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен  «81 теңгелік түскі ас» қайырымдылық акциясы өтті. Акция 2 мыңнан аса студенттерді қамтыды.

Аталмыш қайырымдылық акциясы ҚазҰУ-дың 75 жылдығынан бастау алған. Алтыншы рет өткізіліп отырған акцияға 2000-нан аса студенттер келді. Жол ақысымен шамалас ақшаға бәліш, алма, компот, салат, ірімшік, пирог және ыстық тамақ ішуге болады. Шара барысында мерекелік концерт көріп, ойындар ойнап, белсенділер әртүрлі сыйлықтармен марапатталды. Биыл ҚазҰУ-дың 81 жылдығы болғандықтан да осындай баға белгіленді.

«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының белсенділері аталмыш шараны «Ай-Тұмар» тамақтандыру комбинатында өткізді.  Шараның басты мақсаты - «Сұңқар» қоғамдық бірлестігі үнемі ескеріп отыратын ҚазҰУ студенттерінің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мүдделерін, еңбек құқығы мен денсаулығын қорғау.Жиналған қаржы қайырымдылыққа жұмсалады.

Похожие материалы