Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Су тасқынынан бұзылған жолдарды қалпына келтіруге 2,6 млрд теңге бөлінді

Су тасқынынан бұзылған жолдарды қалпына келтіруге 2,6 млрд теңге бөлінді

Республика бойынша су тасқынынан зардап шеккен 90 жол телімінің 88-і қалпына келтірілді. Осы мақсаттарға үкімет қорынан 2 млрд 600 млн теңге бөлінді деп хабарлады бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" акцонерлік қоғамының басқарма төрағасы Ермек Қизатов.

"Залалдың шамамен алғандағы құны - 2 млрд 600 млн теңге. Бұл қаражат үкімет қорынан бөлініп отыр және осы нысандарды қалпына келтіруге бағытталады. Атап айтқанда сумен шайылған үш көпір, 7 су өктізетін құбыр және 23 километр автожол, жол жиегі жөнделді", - деп мәлімдеді Е.Қизатов.

Ол су тасқыны басталғаннан бері республикалық маңызға ие жолдарға сумен шайылудың 90 оқиғасы болғандығын айтты. Әсіресе су тасу аймағынан зардап шеккен Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Бүгінгі таңда 10 телімдегі жол төсемі, жасанды құрылыстар, көпірлер мен құбырлар бұзылған. 50 телімде жол жиектері шайылып кеткен. Сонымен қатар үш көпір толығымен бұзылған, екеуі - ШҚО-да, біреуі - Павлодарда", - деді Е.Қизатов.

Басқарма төрағасы қазіргі кезде бұзылған телімдерді қалпына келтіруге қатысты барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп, барлық жерде дерлік өту мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

"Қазір 90 телімнің екеуі ғана жабық. Қалған 88 телім толығымен қалпына келтірілген. Тек екі жол телімі бойынша жол жабық. Бұл Қарағанды - Молодежный және Павлодар облысындағы Баянауыл - Ульяновск, мұнда өзен көпірі шөккен. Ол жерде жолдың 100 метрі толық шайылып кеткен. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, техника жұмылдырылып, уақытша айналма жолдар ұйымдастырылды. Жақын арада жолды ашамыз", - деп мәлімдеді ол.

Похожие материалы