Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Су тасқынынан зардап шеккен қызға пәтер сыйлаған кәсіпкер тағы да қайырымдылық жасады

Су тасқынынан зардап шеккен қызға пәтер сыйлаған кәсіпкер тағы да қайырымдылық жасады

Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz - Кәсіпкер Қайрат Құдайберген неміс сәулетшісіне қарыз болған алматылық зообақтың қарызын өтеп берді. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

Жалпы қарыз мөлшері 100 мың еуро, Құдайберген оны толығымен жабады. "Мен бірінші траншпен 68 мың еуро салдым, екінші транш мөлшері 38 мың еуро болады. Жалпы Питер Разбахтың алдындағы қарыз мөлшері 100 мың еуро", - деді кәсіпкер.

Енді зообақ Разбахпен жұмысты жалғастырады. Ол мастер-план жасауы керек болған, алайда зообақ архитектордың қызметін төлеуге шамасы болмаған.

Айта кетейік, Қайрат Құдайберген қызымен зообақтағы арландарды өз қамқорлықтарына алды.

Еске салсақ, сонымен қатар, кәсіпкер Ақтөбеде су тасқыны салдарынан зардап шеккен оқушы қыздың жолдауынан кейін, оған үш бөлмелі пәтер алып берген болатын.

Похожие материалы