Экономика
Регионы
Су тасқынынан зардап шеккендер үшін 1 млрд теңге бөлінеді
Қарағанды облысындағы халыққа көмек беру және апатты-құтқару жұмыстары үшін 1 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы ІІМ-дегі төтенше жағдай жөніндегі комитеттің төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Алексей Советов мәлімдеді деп хабарлайды ҚазТАГ.
"15 сәуірде премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаевпен және орталық, жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен аймақтағы су тасқыны мәселесі мен оны жою жұмыстары бойынша төтенше отырыс өткізілді. Отырыс кезінде премьер-министрдің орынбасары мемлекеттік органдарға үкіметтің төтенше қорынан Қарағандыдағы зардап шеккен халықты қажеттімен қамтамасыз ету және апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін миллиард теңге бөлу тапсырды", - деді А.Советов баспасөз-мәслихаты кезінде.
Оның сөзінше, Б.Сағынтаев премьер-министр, ішкі істер, энергетика министрлігіндегі канцелярия басшыларының орынбасарларымен, су ресурстары жөніндегі комитеттің төрағасы және Қарағанды облысының әкімімен, Ақмола облысы әкімінің орынбасарымен бірге су тасқынынан зардап шеккен елдімекендер мен аумақтарды аралап шықпақ.
Алексей Советовтың атап өтуінше, су тасқыны 7-10 күн ішінде қайтуы қажет. " 7-10 күн ішінде елдің барлық аумағындағы жағдай қалпына келіп, су астында қалған аудандар азая түседі. Егер қайтып келмесе, қалпына келтіру жұмыстарын жүргіземіз", - деді ол. Оның айтуынша, қазір келтірген шығынды анықтайтын комиссия жұмысын бастады. "Су қайтқан жерлер қаралып жатыр. Қанша үйдің зардап шеккендігі, қаншалықты жөндеу қажет екендігі есептеледі. Сондықтан азаматтар назардан тыс қалмайды", - деді төтенше жағдай комитетінің өкілі.