Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сыбанқұлов Қазақстанның Бас көлік прокуроры қызметінен босатылды

Сыбанқұлов Қазақстанның Бас көлік прокуроры қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан. 7 шілде. 7kun.kz – Ернат Сыбанқұлов Қазақстанның Бас көлік прокуроры қызметінен босатылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Бас прокурордың бұйрығымен Ернат Сыбанқұлов басқа қызметке тағайындалуына байланысты Бас көлік прокуроры қызметінен босатылды», - деп хабарлады Бас прокуратурада.

Сыбанқұлов бұл қызметті 2019 жылдың сәуірінен бастап атқарып келген еді.

Айта кетейік, 6 шілдеде Ресей соты экологиялық құқық бұзушылықты айтып, КҚК жұмысын бір айға тоқтатқаны белгілі болды. Қазақстан Үкіметі қазір Ресей әрекетінің салдарын қалай жеңілдетуді ойластырып жатыр. Сол күні Қазақстан тарапы КҚК Ресей сотына қайтымсыз салдарлардың туындау қаупіне байланысты шешімнің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішпен жүгінді. Енді Ресей соты Каспий құбыр консорциумының (КҚК) ісін 11 шілдеде қарайды.

Похожие материалы