Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сыра қайнатушы Carlsberg компаниясы шығынға ұшырады

Сыра қайнатушы Carlsberg компаниясы шығынға ұшырады

Даттық Carlsberg компаниясы соңғы тоқсанда таза шығынғы ұшырағанын мәлімдеді. Компания басшылығының мәлімдеуінше, рубльдің құнсыздануына байланысты негізгі табыс көзі болған ресейлік нарықтағы түсім де азайған деп хабарлайды Вести.Экономика.

Әлемдегі көлемі жөнінен төртінші орындағы сыра қайнатушы кәсіпорын 2015 жылдың алғашқы 3 айында 90 млн дат кроны (13,49 млн доллар) көлемінде шығынға ұшыраған. 2014 жылдың бірінші тоқсанындағы шығын 67 млн крон құрады. Сарапшылар бірінші тоқсанда таза табыс 11 млн крон болады деп болжаған еді. Операциялық табыс арнайы есептеулерді ескермегенде 661 млн крон құрады. Бірінші тоқсандағы түсім 13,47 млн крон болды. Бұл 2014 жылы 12,90 млрд крон болған көрсеткіштен 4,4% жоғары. Операциялық табыс 8%-ға өскен. Компанияның атап өтуінше, осы жылы да операциялық табыс көлемі ұлғаяды деген болжам бар. Carlsberg-тің Шығыс Еуропадағы табысы бірінші тоқсанда 30% азайған. 2014 жылы Ресейдегі сыра нарығының төмендеуі 2013 жылмен салыстырғанда 7%-ды құрады.

Похожие материалы