Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сыртқы істер министрі мен Ұлыбританияның инвестициялар жөніндегі мемлекеттік министрі кездесті

Сыртқы істер министрі мен Ұлыбританияның инвестициялар жөніндегі мемлекеттік министрі кездесті

Алматы. 6 шілде. 7kun.kz –  «Астана» халықаралық қаржы орталығының тұсаукесері шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ұлыбританияның инвестициялар жөніндегі мемлекеттік министрі, британдық парламентінің мүшесі Грэм Стюартпен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Британдық министр қазақстандық тарапты АХҚО-ның ашылуымен және Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға жанжақты қолғабыс көрсетуге Лондонның дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде Қ.Әбдірахманов британдық тарапты АХҚО-ның дамуына және нығайтуына қосқан маңызды үлесі үшін алғыс білдіріп, британдық компаниялар, банктер және қаржы институттар Орталықтың жұмысына белсенді қатысуына сенім білдірді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО-ның тұсаукесерінде Астана жаңа қаржы орталығының қалыптасуындағы Ұлыбританияның рөлін, соның ішінде ағылшын құқық қағидалары бойынша жұмыс істеуі және Англия мен Уэльстың бұрынғы жоғарғы судьясы Лорд Вульф бастаған беделді британдық судьялар кірген АХҚО сотының ерекше қызметін атап өтті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қатынастардың, әсіресе сауда-инвестиция саласындағы ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын атап өтті.

Сандық жүйеге көшіру, инфрақұрылымдық жобалар, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетудің кең әлеуеті атап өтілді. Қазақстанның көліктік және транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында ҚХР мен Азияны еуропалық, соның ішінде британдық нарықпен байланыстыратын «Белдеу мен жол» бастамасын іс жүзінде жүзеге асыруға өзара қызығушылық білдірілді.

Сондай-ақ, тараптар екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қолданыстағы және перспективалық тетіктері шеңберіндегі байланыстарды дамыту бағытандағы  жақсы серпінді сақтауға келісті. Осыған орай, алдағы екіжақты үкіметаралық кездесулер мен инвестициялық форумдардың кестесі талқыланды.

Похожие материалы