Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары жұмысынан босатылды

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары жұмысынан босатылды
Мемлекет басшысының Өкімімен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. Рәпіл Жошыбаев ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары лауазымындағы қызметін жалғастыра беретін болады. Рәпіл Сейітханұлы 1963 жылы туған. Қырғыз Мемлекеттік университетін, Санкт-Петербург Экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын тілін меңгерген. Бірінші сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар. 1985 жылдан ғылыми жұмыспен айналысқан. 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының үшінші хатшысы, екінші хатшысы. 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД департаментінің бөлім бастығы. 1998 жылдан Қазақстан Республикасының Балтық елдеріндегі Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі. 2000 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттама қызметі бастығының орынбасары. 2003 жылдың шілдесінен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі. 2004 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2007 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы. 2013 жылдың ақпанынан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары. «Достық» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Похожие материалы