Мемлекеттік тұрғын-үй қорындағы баспана алу кезегінің нөмірін енді SMS-хабарлама арқылы біле аласыз. "Біз жаңа SMS-қызмет түрін ұсынып отырмыз. Бұл қызмет арқылы кезегіңіздің нөмірін қадағалап отыруға мүмкіндік бар. Ол үшін "Очередь на жилье" немесе "Turgyn uige kezek" мәтінін 414 нөміріне жіберуіңіз қажет", - деп жазды өзінің Twitter-інде Қазақстанның инвестиция және даму Министрлігінің вице-министрі Асқар Жұмағалиев.
Смс-қызметті пайдалану үшін сізге алдымен өз нөміріңізді мобильді үкіметте ХҚКО немесе Egov.kz арқылы тіркеуіңіз керек. Сонымен бірге, смс-хабарлама жіберген уақытта сізден тек смс құны ғана алынады. Яғни, қызмет үшін күнделікті 7 теңге төлейсіз.
Осыдан біраз уақыт бұрын "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ да смс-қызмет ұсынған болатын. Яғни, өзіңіздің көлігіңіздің техбайқаудан өту мерзімін білу туралы. Ол қызмет түрі туралы сайтымызда жазған болатынбыз.