Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Баспана» бірыңғай тарифтік бағдарламасын іске қосты

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Баспана» бірыңғай тарифтік бағдарламасын іске қосты

Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 1 тамыздан бастап бұрынғы қолданыстағы тарифтік бағдарламалардың барлығын бір бағдарламаға біріктірді. Енді «Бастау», «Өркен», «Кемел» және «Болашақ» деген төрт бағдарламаның орнын - «Баспана» атты бірыңғай тарифтік бағдарлама басады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл бағдарлама икемдірек және бұрынғыдай жинақтың нақты бір қатаң мерзімін қарастырмайды. Яғни, ендігі жерде  банк  салымшысы  қанша жыл ақша жинайтынын  және тұрғын үй заемын қандай пайызбен алатынын өзі шешетін болады. Несие беру мерзімін және пайыздық мөлшерлемені анықтайтын негізгі критерий  - бағалау көрсеткіші  болып есептеледі. Бұл өз кезегінде қаржы тәртібінің коэффициенті. Жарналар қаншалықты тұрақты және толығырақ өндірілсе, соншалықты клиенттің бағалау көрсеткіші жоғары болады.

Алайда, салымшылар банктің ең төменгі талаптарын, яғни: жинақтың үш жылдық мерзімін және бағалау көрсеткішінің 16 мәніне дейінгі жетістігін сақтаулары қажет. Мұндай жағдайда, банк клиенті  тұрғын үй заемына  жылдық 5 пайыз мөлшерлеме бойынша үміттене   алады. Содан соң, ол 4 жыл ақша жинақтаса, бағалау көрсеткіші 20-ға дейін арта түседі. Ал қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме  4,8 пайызға дейін төмендейді. Жинақ мерзімінің артуымен қатар бағалау көрсеткіші де артады және займ (ең төменгі мөлшерлеме – жылдық 3,5 пайыз) бойынша сыйақы мөлшерлемесі сәйкесінше төмендейді.

2017 жылдың 1 тамызына дейін ашылған барлық депозиттерге  тараптар міндеттемелерін толық орындағанға дейін банкпен қызмет көрсетілетінін де атап өтті. «Баспана» жаңа тарифтік бағдарламасы -  салымды төменгі сома 500 АЕК-пен (1 млн 134 мың 500 тенге) ашуға, шарттық соманы арттыруға, депозиттерді біріктіруге, отбасы мүшелерінің  және жақын туыстарының арасында шегіну жасауға мүмкіндік береді.

Похожие материалы